- admin
- 18.12.2024
- No Comments
- Жаңалықтар
2024 жылғы 18 желтоқсанда «Фрейд балалары» психологиялық клубының студенттерімен «Белсенді тыңдау» тақырыбында сабақ өтті. Сабақтың мақсаты – студенттердің коммуникативтік қабілеттерін жақсарту, эмпатияны дамыту және ұжымдағы өзара әрекеттестікті нығайту үшін белсенді тыңдау дағдыларын қалыптастыру.
Кездесу барысында педагог-психологтар Науменко Т.В. мен Утебекова С.Г. студенттерге белсенді тыңдаудың негізгі қағидаларын түсіндірді: әңгімені толық тыңдау, вербалды емес қолдау көрсету, айтылғанды нақтылау үшін парафраз жасау, анықтаушы сұрақтарды пайдалану, эмпатия таныту және әңгіменің қорытындысын шығару үшін рефлексия жүргізу.
Сабаққа 16 студент қатысты, олар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз әсерлерімен бөлісті.