- admin
- 04.04.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылғы 1–3 сәуір аралығында «Жастықтың жарқын сәттері!» атты фотокөрме өтті. Шараға студенттер қатысып, жастықтың рухын, шабытын және ұмтылысын бейнелейтін жарқын, шынайы әрі эмоцияға толы фотосуреттерін ұсынды.
Көрменің мақсаты тек студенттердің шығармашылық қабілеттерін көрсету ғана емес, сонымен қатар олардың бастамаларын қолдау және өмірлік ұстанымына саналы көзқарас қалыптастыру болды. Бұл өмір кезеңінің — жастық шақтың — психологиялық ерекшеліктеріне ерекше назар аударылды, себебі бұл — жаңалықтарға, жаңа таныстықтарға, өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылысқа толы кезең.
Қатысушылардың фотожұмыстары әртүрлілігімен таң қалдырды: портреттерден бастап жанрлық көріністерге дейін, достардың күлкісінен бастап, өзімен-өзі қалған ойлы сәттерге дейін. Әрбір сурет жас адамның ішкі әлемінің көрінісі болып, жастық шақтың маңыздылығын түсінуге өз үлесін қосты.
Мускина Ж. Ж., педагог-ұйымдастырушы
#Біртұтас_тәрбие
