«Ел рәміздері – елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі»

4 маусым күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара «Ел рәміздері – елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» тақырыбымен өткізілді. Бұл күн – халқымыздың бірлігі мен елдігіне, Тәуелсіз Қазақстанның нышандарына деген құрметтің белгісі.

Шара барысында Мемлекеттік Ту салтанатты түрде сахнаға әкелініп, барлық қатысушылар ҚР Әнұранын бірге орындады. Салтанатты жиынды ашқан оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Мадин Владимир Анатольевич жиналғандарды құттықтап, Мемлекеттік рәміздердің тарихтағы және бүгінгі күндегі маңызын атап өтті.

Іс-шара аясында колледжде белсенділік танытқан ата-аналар мен студенттерге алғыс хаттар табыс етілді. Жалпы саны 34 ата-ана алғыс хатпен марапатталып, сахнада естелік суретке түсті.

Сонымен қатар, колледждің тәрбие жұмысына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар үйірмелер мен клубтар да арнайы грамоталармен марапатталды. Олардың қатарында:

  • «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубы,
  • «Наследники» дебат клубы,
  • «Эколог» үйірмесі,
  • «Мейірімді жүрек» еріктілер тобы,
  • «Sanaly urpaq» патриоттық клубы,
  • «Поющая домбра»,
  • Робототехника үйірмесі,
  • «Мирас» би тобы,
  • «Поющие сердца» вокалдық ансамблі,
  • «Дети Фрейда» психологиялық клубы,
  • және актерлік шеберлік үйірмесі бар.

Мемлекеттік рәміздердің терең мағынасы туралы қысқаша видеоролик көрсетіліп, жүргізушілер ҚР Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы мазмұнды ақпараттармен бөлісті. Олар рәміздердің тәуелсіздік пен ұлттық бірліктің символы екенін ерекше атап өтті.

Кеш қонақтарын ерекше әсерге бөлеген — Асылбекова Жасминнің орындауындағы «Ризамын» әні болды. Іс-шара флешмобпен жалғасты. Оған «Жас сарбаз» клубының қатысушылары және колледж студенттері белсенді қатысты.

Осындай патриоттық мазмұндағы іс-шаралар жас ұрпақтың бойына елін, жерін сүюді, мемлекеттік нышандарға деген құрметті қалыптастырады. Бұл — болашақ ұрпақтың ел болашағына деген жауапкершілігін арттыратын маңызды тәрбие құралы.

Мускина Ж. Ж., педагог-ұйымдастырушы

  #Біртұтас_тәрбие


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

175 queries