- admin
- 08.01.2024
- No Comments
- Жаңалықтар
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың дамуымен және интернеттің кең таралуымен жергілікті сипаттағы экстремизм жаһандық сипатқа айналды. Осының арқасында экстремизм нақты әлемде де, виртуалды әлемде де қатар өмір сүреді, нақты көріністерге ие болады.
Осы орайда 2024 жылы 05 қаңтарда ПО-7 тобында «Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет-ресурстардың қауіптілігі» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – ғаламдық интернет желісінің экстремизмге айтарлықтай әсер ететіні туралы білімді кеңейту, сондай-ақ деструктивті және тоталитарлық бағыттағы діни экстремизмнің алдын алу.
Ақпаратты дайындаған тарих пәнінің оқытушысы: Ахметжанова Д.К.