«Экологиялық волонтерлік»

15 сәуір күні Жоғары политехникалық колледж студенттеріне арналған «Экологиялық волонтерлік» бағыты бойынша оқыту өткізілді. Сабақты Жастар ресурстық орталығының волонтерлері жүргізді. Студенттер белсенділік танытып, экологиялық сананың маңыздылығы жөнінде терең мағлұмат алды, өзекті экологиялық мәселелерді талқылап, оларды шешудің жолдарын бірге іздеді.

Іс-шара «Игі істер марафоны» аясында өтті. Мұндай кездесулер жастардың табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастырып, нақты әрекеттер жасауға ынталандырады. Барлық қатысушыларға табиғатты қорғауға деген шынайы қызығушылығы мен үлес қосуға ниет білдіргендері үшін алғысымызды білдіреміз!

Мускина Ж. Ж., педагог-ұйымдастырушы

  #Біртұтас_тәрбие


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

171 queries