«Достық заңы – барлық заңнан қымбат»

18 қыркүйекте Қостанай политехникалық жоғары колледжінің акт залында «Достық заңы – барлық заңнан қымбат» тақырыбында мотивациялық кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, достық пен келісім құндылықтарын нығайту. Қамту – 100 студент.

Кездесу Қазақстан халқы Ассамблеясы спикерлерінің қатысуымен өтті. Студенттер алдында сөз сөйлегендер:

  • Ким Ульяна Львовна, этномедиация кеңесі төрағасының орынбасары;
  • Алтыбаева Ақжан Бақытжанқызы, аналар кеңесі төрағасының орынбасары.

Кездесу барысында спикерлер әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен өзара құрметтің маңыздылығын атап өтіп, студенттерге ұлтаралық жанжалдардың салдары, әлеуметтік желілерде қорлау мен жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік, сондай-ақ жастар арасындағы буллинг мәселесі жөнінде түсіндірме жасады.

Ерекше назар бейбітшілік мәдениетін, толеранттылық пен өзара түсіністікті қалыптастыруға аударылды. Кездесу ашық та жылы атмосферада өтті – студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Соңында студенттерге буклеттер мен естелік сыйлықтар таратылды.

Сейдахметова Ж.Ж., педагог-ұйымдастырушы

#адал_азамат #ГодРабочихПрофессий #ЖұмысшыМамандықтарЖылы
#APK&WorkYear2025 #МирИСогласие
#ЗаМир #МыВместе


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

175 queries