Директордың үндеуі

Каткенов Кусаин Амангельдиновичдиректор, педагогика

ғылымының кандидаты

official@kpvk.edu.kz

Қымбатты біздің студенттер, құрметті ата-аналар, қызметкерлер!

Жаңа жылдың алдында сіздерге денсаулық, амандық, махаббат пен бақыт тілеймін!

Біздің бірлесе жеткен табыстарымызды атап өткім келеді.

Қостанай жоғары политехникалық колледжінің жұмысы жоғары жетістіктермен атап өтілді: «Talap» ҰБА рейтингі бойынша көшбасшы болды, есептеу техникасы бойынша қолданбалы бакалавриатты іске асыру, «Жас маман» жобасын іске асыру, Қостанай жоғары политехникалық колледжінің 50-жылдығына арналған «Заманауи орта кәсіптік білім беруді оны жаңарту жағдайында дамыту» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастыру, «WorldskillsKostanay» өңірлік чемпионатын ұйымдастыру, колледж педагогтері мен студенттерінің конкурстар мен жобалардағы жеңістері, мақалалар жариялау, робототехника негіздері саласындағы педагогтерді курстық даярлау және т.б.

Құрметті әріптестер, біздің мемлекетімізге өсім, тұрақтылық пен әл-ауқат әкелетін еңбектеріңіз әрқашан лайықты бағаланатын болсын! Сіздің еңбегіңіздің нәтижелері халқымыздың құрметіне ие болсын!

Құрметті студенттер, жаңа жылда сіздерге білімнің биік шыңдары бағына берсін және ойлаған армандарыңыз жүзеге ассын!

Сіздерді Жаңа 2022 жылмен құттықтаймын! Істеріңізге табыс пен өркендеу, жаңа жеңістер мен табыстар, бейбітшілік пен амандық тілеймін! Жаңа жыл бақытты жыл болсын!

 

Құрметпен, колледж директоры

Каткенов Құсаин Амангелдіұлы

 

Тұтынушылардың құқығын қорғау
166 queries