- admin
- 09.04.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
Мамандық таңдау – бұл біздің өміріміздегі ең маңызды шешімдердің бірі, өйткені біз бәріміз жұмыстың қызығушылықтарымызға, мүмкіндіктерімізге сәйкес келуін және қуаныш әкелуін қалаймыз.
2025 жылғы 8 сәуірде жыл сайынғы кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде Қостанай жоғары политехникалық колледжінің оқытушылары Сагумбаев М.К., Рядинская И.А., Шектыбаева Л.Ф. «Майкөл жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Шеминов жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Озерная жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Мәскеу жалпы білім беретін мектебі» КММ мектептерінде 9-сынып оқушыларымен көшпелі кездесулер өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға колледж мамандықтары, оқуға түсу шарттары, сондай-ақ білім беру мен жұмысқа орналасу жолдары туралы ақпарат ұсынылды. Оқытушылар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар және студенттердің оқу, шығармашылық, ғылыми және спорт салаларында өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Ақпаратты дайындаған оқытушылар: Сағымбаев М.К., Рядинская И. А., Шектыбаева Л. Ф.

