- admin
- 14.04.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
Мамандық таңдау – өміріміздегі ең маңызды шешімдердің бірі, өйткені әрқайсымыз өз жұмысымыздың қызығушылықтарымызға, мүмкіндіктерімізге сай келіп, қуаныш сыйлағанын қалаймыз.
2026 жылғы 14 сәуірде жыл сайынғы кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Қостанай политехникалық жоғары колледжінің оқытушылары Сагумбаев М.К., Молдахаликова А.В. КММ «Г.Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектебінің» 9-сынып оқушыларымен көшпелі кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға колледждегі мамандықтар, қабылдау шарттары, сондай-ақ әрі қарай білім алу және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Оқытушылар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы және студенттердің оқу, шығармашылық, ғылыми және спорттық салаларда өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты мәлімет берді.
Ақпаратты дайындаған оқытушылар: Сагумбаев М.К., Молдахаликова А.В.



