- admin
- 29.04.2021
- No Comments
- Жаңалықтар
Вакцина профилактикасы – адамзаттың ең үлкен жетістіктерінің бірі және жұқпалы аурулардың алдын алудың ең сенімді әдісі.
Вакцинацияны насихаттауға арналған онкүндік аясында 2021 жылдың 27 сәуірінде Қостанай жоғары политехникалық колледжінде «Біз вакцинацияға: «Иә!» дейміз» тақырыбында дәріс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты студенттерге тек халықтың вакцина профилактикасы ғана біздің еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік беретіні туралы ақпараттандыру.
Іс-шара барысында колледждің медициналық қызметкері А.Р. Мулдагалиева вакцинация кез-келген адамға, балалар үшін де, ересектер үшін де қажет екенін айтты. Қажетті вакцинация курсын алмаған студенттер денсаулығын қорғап, вакцинациядан өтуі қажет.
Іс-шара соңында студенттерге вакцинация бойынша ұсыныстар берілді:
заңды өкілдері бар кәмелетке толмаған студенттер тіркелген жері бойынша емханаға жүгінеді;
кәмелетке толған студенттер тіркелген жері бойынша емханаға өз бетінше жүгіне алады.
Ақпаратты колледждің медицина қызметкері А. Р. Мулдагалиева дайындады.