- admin
- 16.04.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
«Біз бейбітшілік пен жақсылық жағындамыз!»
2026 жылғы 15 сәуірде Қостанай политехникалық жоғары колледжінде «Біз біргеміз» волонтёрлік қозғалысының ұйымдастыруымен «Біз бейбітшілік пен жақсылық жағындамыз!» тақырыбында отырыс өтті.
Іс-шараға «Біз біргеміз» психологиялық еріктілер белсенді қатысушылары –15 студент қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаттары:
- Оқушылардың бейбітшілік мәдениетін қалыптастыру және Отанға деген сүйіспеншілігін ояту.
- «Бейбітшілік», «төзімділік» және «қайырымдылық» ұғымдарының мағынасын түсіндіру.
- Топта жұмыс істеу дағдыларын дамытып, достық пен бірлікке тәрбиелеу.
Пікір алмасу форматында өткен кездесуде студенттер «Бейбітшілік көгершіні» және «Жақсылық ағашы» атты шығармашылық тапсырмаларды орындады. Олар өз тілектерін ақ қағаздан қиылған көгершіндерге жазып, жақсы адамға тән қасиеттерді (адалдық, қамқорлық, кішіпейілділік) талқылады.
Қорытынды бөлімде қатысушылар «Мен жақсылық жағындамын, себебі…» деген сөйлемді аяқтау арқылы өз пікірлерін түйіндеді. Шара соңында бейбітшілік тек аспан ашықтығы емес, ол — жүректегі тыныштық пен өзара құрмет екені ерекше аталды.
Ақпаратты дайындаған: педагог-психолог Қайырғалиқызы Н.
#адал_азамат




