- admin
- 15.10.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылғы 15 қазанда Қостанай жоғары политехникалық колледжінде «Біз біргеміз» психологиялық волонтерлік қозғалысының аясында «Буллинг – әзіл емес» тақырыбында кинолекторий мен пікірталас өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында буллинг мәселесіне назар аудару, зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, өзара түсіністік пен жанашырлық дағдыларын дамыту болды.
Кинолекторий барысында студенттер шынайы өмір оқиғаларына негізделген бейнефильмді тамашалап, буллинг құрбандарының басынан өткен қиындықтар мен оны еңсеру жолдарына куә болды.
Фильмнен кейін пікірталас ұйымдастырылып, қатысушылар өз ойларымен, сезімдерімен бөлісті, оқу ортасында буллингтің алдын алу жолдарын талқылады. Әсіресе әр адамның рөліне ерекше назар аударылды — кейде бір жылы сөз немесе қолдау көрсету өзгенің өмірін өзгертуі мүмкін.
Педагог-психолог мұндай іс-шаралардың студенттердің эмоциялық интеллектісін, бір-бірін түсіну мен жауапкершілігін арттырудағы маңызын атап өтті.
«Біз біргеміз» қозғалысының волонтерлері буллингпен күрестің негізі — сыйластық пен мейірім екенін, ал немқұрайлық — басты жау екенін атап өтті.



Ақпаратты дайындаған: педагог-психолог Қайырғалиқызы Н.


