- admin
- 17.09.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылғы 17 қыркүйекте Қостанай жоғары политехникалық колледжінде «Біз біргеміз» психологиялық волонтерлік қозғалысының отырысы өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастар ортасының психологиялық саулығын нығайтуға бағытталған профилактикалық волонтерлікті дамыту, салауатты өмір салты мен спортты насихаттау, сондай-ақ студенттер арасындағы жағымсыз құбылыстардың, зиянды әдеттердің алдын алу болды.
Бұл күні волонтерлік қозғалыстың ішкі құрылымы талқыланып, ұйымның президентін сайлау рәсімі ұйымдастырылды. Дауыс беру нәтижесінде әділ сайлау өткізіліп, студенттердің сеніміне ие болған үміткер қозғалыс президенті болып таңдалды.
Іс-шара соңында қатысушылар «БІЗ БІРГЕМІЗ» ұранымен бірлік пен ынтымақты паш етті. Бұл бастама – жастардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырып қана қоймай, олардың жүрегінде жақсылыққа ұмтылу сезімін оятатын маңызды қадам болды.
Ақпаратты дайындаған: педагог-психолог Қайырғалиқызы Н
#адал_азамат




