«Біз біргеміз» отбасылық клубы

2022 жылдың 27 қазанында Қостанай политехникалық жоғары колледжінде педагог-психологтар Науменко Т.В. және Абдикаримова А.С. «Бейімделу кезеңінің психологиялық ерекшеліктері, ата-аналық көмек пен қолдау түрлері «Айналамдағы жаңа әлем»» тақырыбында отбасылық клуб ұйымдастырылып, өткізілді.

Бұл кездесудің мақсаты ата-аналарды «кешегі студенттердің» колледждегі оқу процесінде кездесетін оқу қиындықтары туралы хабардар ету, сондай-ақ ата-аналарды балаларының колледждегі оқу процесіне бейімделуіне көмектесу болды. Кездесу ойын форматында өтті. Педагог-психолог Абдикаримова А.С. ата-аналарға жасөспірімдік шақ ерекшеліктері туралы айтып берді. Педагог-психолог Науменко Т.В. оқыту жаттығулары түрінде бейімделу кезеңінде ата-ананың көмегі мен қолдауының нысандарын көрсетті. Достық жағдайда ата-аналар кластер құрып, проблемалық жағдаяттарды шешіп, балаларына көмектесу және қолдау көрсету жолдарын тауып, «Табысты оқушы» портретін жасады.

Отбасылық клуб соңында бірлескен жұмыстың қорытындысы шығарылып, ұсыныстар берілді

Ақпаратты дайындаған педагог-психолог Науменко Т.В.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
169 queries