Бірлік күні: Татарлар Достық үйінде бас қосты

2025 жылғы 17 сәуірде Қостанай политехникалық жоғары колледжінің студенттері «Достық үйінде» өткен маңызды іс-шараға қатысты. Кездесу этномәдени орталықтың 30 жылдығына орай ұйымдастырылып.

Іс-шараның мақсаты – жастар үшін ашық диалог алаңын құру, Қазақстан халықтарының этносаралық келісімі мен бірлігін нығайтудағы жастардың рөлін талқылау. Сондай-ақ, татар жастарын этномәдени орталықтың дамуына және одан әрі ынтымақтастыққа тарту маңызды аспектілердің бірі болды.

Кездесу барысында колледж студенттері орталықтың қызметімен танысып, түрлі этнос өкілдерімен пікір алмасып, жастардың мәдениаралық жобаларға қатысу мүмкіндіктерін талқылады. Жастар белсенділік танытып, этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған өз ойлары мен ұсыныстарын білдірді.

Бұл іс-шара ұрпақтар арасындағы диалогты дамыту мен Қазақстанда тұратын халықтардың достығын нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Студенттер өздеріне пайдалы тәжірибе жинап, осындай бастамаларға болашақта белсене қатысуға жігер алды.

Мускина Ж. Ж., педагог-ұйымдастырушы

  #Біртұтас_тәрбие


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

169 queries