«Бір, екі сол!»

2025 жылдың 23 сәуірінде Қостанай политехникалық жоғары колледжінде бірінші курс студенттері үшін ҚРҚК құрылуының 33 жылдығына және ҰОС Жеңісінің 80 жылдығына арналған сап көрніс және ән байқауы өтті.

Іс-шараның мақсаты-отансүйгіштікке, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан батырларының тарихы ерліктерін құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ тәртіпті, дене төзімділігін және Отанға қызмет етуге дайындығын дамыту.

Байқауға А-3, Б-6, Б-7, М-13, М-14, ПО-8, ПО-9, СТ-8, ТЗ-30, ХП-25, ХП-26, Э-15, ЭС-24. топ студенттері қатысты.

Іс-шараның құрметті қонақтары: Ауған соғысының ардагері, интернационалист-жауынгер, отставкадағы подполковник Харченко Анатолий Николаевич, ҚАЗБАТ жауынгерлік іс-қимылдар мен бітімгершілік миссияларының (операцияларының) ардагері, Қостанай қаласы және Қостанай облысы бойынша “Әуе күштері дисантниктері бауырластығы” ҚБ негізін қалаушы Ерлан Ергалилиевич Друскельдинов, Қостанай қаласы қорғаныс істері Басқармасының тәрбие және идеологиялық жұмыс тобының бастығы 3-інші сынып сержанты Шапобиева Ирина Исмагыловна. Іс-шараның басында олар студенттер алдында сөз сөйлеп, барлық қатысушыларды мерекемен құттықтады.

Әрі қарай балалар саптық дайындық элементтерін көрсетті, салтанатты шеруді және саптық әнді орындау кезінде үйлесімділік көрсетті.

Іс-шара конкурс жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттаумен аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша 1-інші орынды Б-7 тобы, 2-інші орынды – ТЗ-30 тобы, 3-інші орынды – СТ-8 тобы иеленді. Номинация бойынша ХП-26 тобы “Үздік саптық ән”, «Ең көрікті киім үлгісі» номинациясын Б-6 тобы жеңіп алды, ал А-3 тобының студенті Қунақ Рамазанға «Взводтың үздік командирі» атағы берілді.

Ақпаратты АӘжТД оқытушы-ұйымдастырушылары

Нұрқанов М. Қ., Фатхудинов Р. Р. дайындады.

#ЖеңіскеБірге


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

170 queries