Білімге ұмтылу, еңбекқорлық және патриотизм» кураторлық сағаты

01.09.2023 ж Қостанай жоғары политехникалық колледжінде 1-4 курс студенттеріне арналған “Білімге ұмтылу, еңбекқорлық және патриотизм” тақырыбында кураторлық сағат өтті. Бұл іс-шараның мақсаты білім алушылармен бірге адам өміріндегі білімнің, патриотизмнің, еңбексүйгіштіктің рөлін талқылау болды.Кураторлық сағатта құндылықтар туралы жалпы ақпарат ұсынылды, білім алушылар жаңа Қазақстан жастары үшін үш маңызды басымдыққа – білімге ұмтылу, еңбекқорлық және патриотизмге деген көзқарастарын көрсетті.Іс-шараны өткізу барысында студенттер қойылған мақсаттарға тек білімді адам ғана қол жеткізе алатынын , патриотизм – адамның өзегі, бұл өз Отанының тарихы мен мәдениетін білу және құрметтеу, өз халқының өзіндік ерекшелігі мен дәстүрлерін сақтау, елдің қоғамдық өміріне қатысу, өз Отанының рухани және материалдық әл-ауқатын арттыру үшін бар күшін салуға ұмтылу екенін атап өтті.Іс-шараны қорытындылай келе, студенттер бүгінде мемлекетке оның игілігі үшін оқуға, жұмыс істеуге дайын дені сау, бастамашыл, сауатты адамдар қажет деген қорытындыға келді.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
169 queries