«Кәсіпқор» Холдингімен ынтымақтастық аясында халықаралық серіктестігі

Қазақстан Республикасының ТжКББ оқу мекемелерінің білім беру қызметіне алдағы уақытта енгізуді жоспарлаумен техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім берудің (бұдан әрі ТжКББ) сегіз мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен «Кәсіпқор» Холдингі КЕАҚ бірлескен жобасын іске асыру аясында Қостанай политехникалық колледжінің базасында 2016 жылғы қыркүйек айының 28-29 күндер аралығында Dudley College өкілі Сноуден Ридтің (Ұлыбритания) қатысуымен семинар өтті.

Екі күндік семинар барысында Сноуден Рид колледждің әзірлеуші педагогтар мен әлеуметтік серіктестермен «Азық-түлік өнеркәсібін стандарттау, метрология және сертификаттау», «Электрмен қамту» мамандықтары бойынша жаңа ұрпақтың білім беру бағдарламаларының халықаралық стандарттарға сәйкестігі жөніндегі мәселелерін талқылады.

Өкілі Сноуден Рид болып табылатын Dudley College Холдингпен 2014 жылдан бастап ынтымақтастық жасайды. Бұл оқу мекемесінде Инженерлік іс және Өндіріс, Құрылыс, Ақпараттық Технологиялар, Денсаулық және Қамқорлық, Іскерлік және Әкімшілік қызметтер, Кәсіпкерлік, Автомашиналар сияқты жұмыспен қамту бірқатар секторлары бойынша техникалық және кәсіптік кадрларын қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесі бар, Dudley College 1862 жылдан бастап 154 жыл қызмет атқарады. Осы колледжде 12,000 астам студент оқиды, жыл сайынғы табыс £30 млн астам, сондай-ақ колледж 1,000 жұмыс берушілерін білім беру қызметтерімен қамтамасыз етеді, UPS, DHL және Daikin сияқты компанияларымен жұмыс жасайды. Колледжіміз Холдингтің халықаралық серіктесі Сноуден Ридпен және Dudley ағылшын колледжімен бұдан әрі серіктестікті жалғастырады.

30 қыркүйек күні Dreberis неміс қоғамының өкілі (Германия) Ян Бахтың қатысуымен Ауыл шаруашылығын электрлендіру мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша семинары өткізілді.

«Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру жағдайында «Кәсіпқор» Холдингімен серіктестіктің арқасында жаңа ұрпақтың білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту саласында Қостанай политехникалық колледжінің даму келешегі мен жаңа жолдары ашылады.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
171 queries