Жаңа формациядағы педагог

Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында білім берудің негізгі міндеттері – білім және кәсіби дағдылары, жаңа формациядағы педагогтарды даярлау және қайта даярлауды атады.

Қазақстанда ТжКББ жаңа білім беру моделі мен инфрақұрылымын сәтті құрудың негізгі факторларының бірі еліміздің дамып жатқан экономикасы мен халықаралық талаптары отандық оқу мекемесіндегі кадрлық әлеуетінің сұранысына дәлме-дәл болып табылады.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында, Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында кәсіптің мәртебесін нығайтуға және техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыруға бағытталған басымдылықтарының бірі ретінде оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру мәселелері белгіленді.

Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне алғыр, тез бейімделгіш, салааралық кәсіби және педагогикалық білімі, іскерлігі, дағдылары мен құзыреттілігі бар дербес жаңа формациядағы оқытушылар қажет.

Білім берудің жаңа парадигмасына сәйкес педагог – жаңа формацияның кәсібі өз пәнін жетік меңгерумен қатар әр қатысушының педагогикалық үрдісте өз орнын көруге, білім алушылардың қызметін ұйымдастыра алуға, оның нәтижелерін болжауға, мүмкін болатын ауытқуларын түзетуге тиіс. ҚР техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жағдайында бірінші кезектегі міндеті инновациялық қызмет саласында педагогтардың біліктілігін арттыру, бұл сәтті кәсіптік қызметке дайын педагог тұлғасын қалыптастыру, кәсіптік және жеке өсімін жобалай алатын кәсіптік білімін жаңарту.

Сол мақсатпен «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа формациядағы педагогы» атты тақырыбында инженерлік-педагогикалық қызметкерлері мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйым жетекшілерінің біліктілігін арттырудың екі апталық курстарын өткізді.

«Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ ұсынылған ТжКБ жүйесінің оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлер біліктілігін арттыру курстарының инновациялық моделі уақыт талабына сай педагогикалық кадрларды дайындаудағы бірлікті, тұтастықты және бірізділікті қамтамасыз ету ретінде танылды.

ҚР педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттырудағы жаңа моделінің тұжырымдамалық негізі педагогтарды өзін-өзі жетілдіруге және кәсіптік өзін-өзі іске асыруға бағыттайтын «өмір бойы оқу» халықаралық білім беру қауымдастығымен қабылданған білім беру парадигмасы болып табылады.

Біліктілікті арттыру жүйесін жетілдіру халықаралық тәжірибені зерттеусіз және енгізусіз мүмкін емес. Осы бағыттағы айтарлықтай назарды Германия, Англия, Финляндия, Австралия және тағы басқа дамыған мемлекеттер ұсынады, онда біліктілікті арттыру жүйесін жаңғырту мемлекеттік саясаттың басымды бағыттарының бірі болып табылады және маманның шығармашылық, жан-жақты даралығының өсімін қамтамасыз етеді.

«Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ құрылған Қазақстан Республикасы ТжКБ ұйымдарының инженерлік-педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру жүйесінің жаңа форматы төмендегілерді қояды:

Мақсаты: жаңа формациядағы жоғары білікті ИНЖЕНЕРЛІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРЫН даярлау, қазақстандық және шетелдік озық педагогикалық тәжірибесін көрсету.

Міндеті:

– Инженерлік-педагогикалық кадрларының кәсіптік ұтқырлығын педагогикалық тәжірибе мен өндіріс арасындағы үздіксіз байланысы негізінде дамыту.

Күтілетін нәтижелер:

– Қазақстан Республикасы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жоғары білікті инженерлік-педагогикалық кадрлары;

– Еліміздің дамып жатқан экономикасының мұқтаждығына және еңбек нарығының талаптарына инженерлік-педагогикалық кадрлар кәсіптік деңгейінің баламалығы.

Холдингпен әзірленген біліктілікті арттыру курстарының жүйелік жүйесі алдымен тәжірибелі педагогтар қатарынан штаттан тыс жаттықтырушыларды оқыту түрінде және бұдан әрі орындарында педагогтарды оқыту, жақсы ойланған әрекеттер.

«Кәсіпқор» Холдингімен республикамыздың 2 600 инженерлік-педагогикалық мамандардың біліктілігін арттыру жоспарланып отыр. Облысымызда семинар-тренинг форматында жоғары білікті кадрларды «нүктелі дайындауды» қамтамасыз ету бөлігінде біліктілікті арттыру курстары «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ серіктесі болып табылатын Қостанай политехникалық колледжінің базасында өтті.

Курстарды Франция, Белорусь елдерінің халықаралық білім беру орталықтарында, «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ біліктілікті арттыру курстарынан өткен әкімшілік және арнайы пәндерінің оқытушылар санынан құзыретті жаттықтырушылары өткізді.

Біліктілікті арттыру бағдарламаларының мазмұны педагогтардың техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы жеке рөлін түсінуге бағытталды.

Соған байланысты педагогтар мен өндірістік оқыту шеберлері техникалық және кәсіптік білім беру қызметін реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық актілерін, ұлттық біліктілік жүйесінің жаңартылған құрылымын, ақпараттық-коммуникациялық технологияларын, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарының топтасуын, кәсіптік білім берудің психологиялық-педагогикалық негіздерін, заманауи оқыту стратегияларын, оқытудағы және оқудағы жаңа технологияларын талдады.

Курстарда ұсынылған әдістемеге сәйкес Холдингпен әзірленген жаңа ұрпақтың 45 бағдарламасы негізінде оқу жоспарлары мен бағдарламаларының мазмұнын жаңарту бойынша тәжірибелік дағдылары, шетелдік серіктестіктермен бірлесе отырып, оқу-әдістемелік қолдауын құрастыру, білім беру үрдісінің дуалды оқыту жүйесіне көшу, заманауи педагогикалық технологияларын, соның ішінде кредиттік технологияларын пайдалануы игерілді.

Курс тыңдаушылары үлгілік оқу бағдарламаларының икемділігі мен интеграция мүмкіндігі, сондай-ақ дуалды оқыту жүйесін ұйымдастыру және қысқа мерзімді кәсіптік дайындығы негізгі ерекшелік болып табылатын жаңа ұрпақ бағдарламаларының өзіндік ерекшелігі мен басымдылығын белгіледі.

Педагогтар мен ө/о шеберлері модульдер бойынша оқу-әдістемелік кешенінің (ОӘК) ажырамас бөлігін құрайтын жұмыс оқу жоспарын, перспективтік-тақырыптық, күнделікті сабақ жоспарларын құрастыру бойынша тәжірибелік тапсырмаларын орындады.

Тыңдаушылардың әдістемелік кейсі заманауи оқыту стратегиялары, жаңа технологиялар мен оқытудағы және оқудағы әдіс-тәсілдері туралы білімдерімен, дуалды оқыту жүйесін, модульдік оқыту жүйесін, кредиттік-модульдік технологияларын енгізу бойынша жұмысын ұйымдастыру туралы білімдерімен толықтырылды.

Біліктілікті арттыру курстары аяқтау формасы жобаларды қорғау болды.

Қостанай облысында жаңа формациядағы педагогтар сертификатын облысымыздың 41 колледжінен 240 қатысушы алды. Курс тыңдаушыларының санынан Қостанай облысы колледждерінің 6 үздік оқытушылары бұдан әрі «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ оқудан өтіп, өз әріптестерін оқытуға мүмкіндік алады.

Сертификатталған педагогтар, менеджерлер қысқа мерзімде курстарды аяқтағаннан кейін оқыту деңгейлері бойынша модульдік бағдарламаларын жандандыру қажет, облысымыздың колледждерінде 2016 жылдың қыркүйегінен бастап жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу үшін құжаттаманы дайындау қажет.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
177 queries