Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары

«Қостанай политехникалық колледжі» КМҚК базасында «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кредиттік оқыту технологиясына көшудің ұйымдық-әдістемелік аспектілері» атты бағдарламасы бойынша 2016 жылғы қараша айының 7-18 күндер аралығында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі инженерлік-педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру курстары өтті.

Аталған тақырып бойынша 65 тыңдаушы білім алды.

Штаттан тыс жаттықтырушылардың жетекшілігімен арнайы пәндерінің оқытушылары біліктілікті арттыру курсының екі кезеңін өтті. Біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасы үздік халықаралық тәжірибені есепке алумен кредиттік технология негізінде кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеуге бағытталды.

Оқыту барысында кредиттік технология негізінде жаңа буынның білім беру бағдарламаларын әзірлеу, бейімдеу және енгізу туралы, сондай-ақ біліктілік көзқарасы жайлы көп айтылды. Жаңа буын бағдарламасы жұмыс берушілердің жаңа талаптарына сай келетін біліктілігі бар түлектердің кәсіби тұрғыдан ойдағыдай қалыптасуына себеп болады. Курстың жұмысы кредиттік технологиясының жалпы көрінісін халықаралық талаптарын есепке алумен қалыптастыру негізінде құрылды.

Тыңдаушылар тиісті оқыту курсын нормативтік-құқықтық құжаттарын меңгеру мен кредиттік технология бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру, оқыту барысында айтылған әдістемелер мен талаптарын есепке алумен дайындалған негізгі жоспарланған құжаттамасы бойынша портфолиоларын қорғаумен тәмәмдады.

Біліктілікті арттыру курсын қорытындылай келе, тыңдаушылар өздерінің оңды ой-пікірлерін білдірді.

Ақпаратты директордың ОЖ жөніндегі орынбасары О.Л.Бутнараш дайындады

Тұтынушылардың құқығын қорғау
171 queries