- admin
- 18.03.2022
- No Comments
- Жаңалықтар
15 наурызда ұлттық тағамдарды, ауызша халық шығармашылығын насихаттау мақсатында Қостанай жоғары политехникалық колледжінің студенттік парламенті Наурыз мерекесіне арналған “Baursak-party” акциясын ұйымдастырды. Акцияны ұйымдастырушылар студенттерге қазақтың мақал – мәтелдерін, жаңылтпаштарын немесе өлең жолдарын айтуды ұсынып, бауырсақ таратты. Іс-шара оқытушылар, студенттер және колледж қызметкерлерінің белсенді қатысуымен өтті. Олар өз білімдерімен бөлісіп, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді, өлеңдерді, жаңылтпаштарды еске алды.
Акция қатысушылары-ЭС-12, СТ-5, ТЗ-27, ПО – 1 топтарының студенттері барлығын бауырсақпен дәм татқызып, көктемнің басты мерекесімен құттықтап, денсаулық, бақыт және амандық тіледі.


