- admin
- 17.09.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
Біздің колледжімізде бірінші курс студенттері үшін танымдық экскурсиялар ұйымдастыру жақсы дәстүрге айналды. Осы орайда, 2025 жылғы 17 қыркүйекте М-16 және Э-16 топтарының студенттері үшін Қостанай қаласындағы №1 арнайы өрт сөндіру бөлімшесіне экскурсия өткізілді.
Өрт сөндіру депосына экскурсия студенттерде үлкен қызығушылық тудырды. Ең алдымен, әрине, студенттерді өрт сөндіру машиналары қатты қызықтырды. Бөлімшенің орынбасары, азаматтық қорғаныс капитаны Руслан Азаматович Аскаров өрт сөндіруші мамандығы туралы әңгімелеп, М. Ғабдуллин атындағы ТЖМ азаматтық қорғаныс академиясына түсу мүмкіндіктері жөнінде ақпарат берді. Студенттерге қабылдау ережелері мен шарттары туралы ақпараттық буклеттер таратылды.
Тылдық қамтамасыз ету тобының технигі Алия Тургауловна Дутпаева және бөлімше командирі, азаматтық қорғаныс аға сержанты Асет Жеңісұлы Сеилханов студенттерге депоның байланыс пунктін, дем алу бөлмесін, оқу кабинетін, ГДЗС постын, асханасын, жаттығу залын және техникаларды таныстырып, өрт техникасы туралы түсіндірді. Олар машиналардың жабдықталуы мен өрт-техникалық қару-жарақтың әртүрлі элементтерінің қызметін көрсетті.
Қостанай облысының ТЖМ мұражайының директоры Гүлжанат Борсыкбаевна Нуркина азаматтық қорғаныс мұражайына экскурсия жүргізіп, өрт сөндірушінің қандай киім мен жабдықпен өртпен күреске шығатынын тианақты түсіндірді.
Студенттер экскурсияға өте риза болды: көптеп суретке түсті, өз кәсібінің маңыздылығы мен қажеттігін қызықты әрі қолжетімді етіп жеткізген өрт сөндірушілерге алғыстарын айтты.
Ақпаратты АӘжТД оқытушы-ұйымдастырушылары
Нұрқанов М. Қ., Фатхудинов Р. Р. дайындады.







