- admin
- 07.04.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
Қазақстандық елжандылық – бұл Отанға деген сүйіспеншілік, оның тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу, сондай-ақ ел игілігі үшін жұмыс істеуге ұмтылу. Ол этникалық, діни көзқарасқа қарамастан, халықтың бірлігіне негізделген. Мұндай елжандылықтың маңызды бөлігі азаматтық теңдік пен ұлтаралық келісім қағидаты болып табылады.
7 сәуірде ЭС-25 тобында «Қазақстандық елжандылық және дін» тақырыбында дәріс өткізілді.
Негізгі мақсаты жасөспірімдерге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу,
бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.
Іс-шара соңында студенттер өз пікірлерін білдірді.
Ақпаратты дайындаған тарих пәнінің оқытушысы: Ахметжанова Д.К.



