- admin
- 04.03.2021
- No Comments
- Жаңалықтар
Бүгінгі таңда діни экстремизм мен терроризм сөздерін естімеген адам аз шығар. Баспа немесе ғаламтор беттерінен шет елдердегі және Қазақстандағы діни ахуал, соның ішінде діни экстремизм мен терроризм тақырыптарына қатысты мәліметтер жетерлік. Бұл аталған мәселенің ғаламдық деңгейде орын алып отырғандығының белгісі.
Қазақстан әлем елдеріне көптеген конфессиялар мен ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүру мекені ретінде танылғаны рас. Дегенмен, діни экстремизм мәселесі біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Қазір де діни экстремизм мен терроризм ұғымы ислам дініне таңылған қауіпті қосымша екендігі өкінішті ақиқат болып отыр.
Діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу мақсатында ЭС-17 тобында «Қазақстандағы діни экстремизм» тақырыбында дәріс өткізілді. Мақсаты студенттерге терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімдерге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.
Ақпаратты дайындаған: тарих пәнінің оқытушысы Ахметжанова Д.К.