- admin
- 02.12.2024
- No Comments
- Жаңалықтар
Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі академиясы колледж түлектерінің арасынан оқуға кандидаттарды қабылдау үшін үгіт-насихат жұмысын өткізді.
Осыған байланысты 2024 жылғы 29 қараша күні Қостанай политехникалық жоғары колледжінің 3-4 курс студенттері (ТЗ-28, ПО-4, ПО-3 және Э-13 топтары) үшін “Неге мен шекарашы офицер болғым келеді” тақырыбында кездесу өткізілді.
Шақырылған жастармен кездесу үшін ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы Департаментінің өкілдері майор Ахметов Ерлан Талгатович және лейтенант Жалелов Ерасыл Султанович шақырылды.
Кездесу жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі академиясына және Ресей Федерациясы мен Түркия Республикасының жоғары оқу орындарына түсуге үміткерлерді іріктеу, мерзімді және келісімшарттық әскери қызметті насихаттау, қазақстандық шекарашының беделін, имиджін арттыру және имиджін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.
Балалар алдында сөз сөйлеген Ерлан Талгатович, Ерасыл Султанович Шекара қызметі Академиясы “Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің қызметтік-жауынгерлік қызметін басқару” мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі, ҰҚК басқа да бөлімшелері мен органдары үшін офицерлер дайындап жатқанын айтты.
Сондай-ақ, шекаралық бейіндегі жоғары оқу орындарына қабылдау және түсу ережелері, шекара органдарында қызмет өткеру перспективалары, әскери қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері туралы ақпарат жеткізді.
Ақпаратты АӘжТД оқытушы-ұйымдастырушылары
Нұрқанов М. Қ., Фатхудинов Р. Р. дайындады.
#Біртұтас_тәрбие