«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі»

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері лауазымды адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, объектілерді күзету және қорғау, терроризмге қарсы операцияларға қатысу, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондарын күзету, салтанатты және хаттамалық іс-шараларды орындау жөніндегі аса маңызды жедел-жауынгерлік міндеттерді орындауға тікелей тартылады.

Осыған байланысты 2023 жылдың 11 сәуірінде Қостанай политехникалық жоғары колледжінің 3-4 курс студенттері үшін «Неге мен МКҚ әскери қызметшісі болғым келеді» тақырыбында кездесу өткізілді.

Әскерге шақырылатын жастармен кездесу үшін Мемлекеттік күзет қызметінің офицері подполковник Сәлімбаев Ермек Қабиұлы шақырылды.

Кездесу жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, Мемлекеттік күзет қызметіне кандидаттарды іріктеу, мерзімді және келісімшарттық әскери қызметті насихаттау, қазақстандық әскери қызметшінің беделін, дәрежесін арттыру және имиджін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.

Балалар алдында сөз сөйлеген Ермек Қабиұлы мерзімді әскери қызметке тұру кезінде әскерге шақырылушыларға қандай талаптар қойылатынын және неліктен ұлдар Қазақстан Республикасының элиталық арнайы бөлімшесінде, ҚР МКҚ ерекше мақсаттағы күштерінің «Айбын» Президенттік полкінде әскери қызметті таңдауы тиіс екенін айтты.

Ақпаратты дайындаған: Фатхудинов Р. Р.

                                                                                          Нұрқанов М. К.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
169 queries