- admin
- 30.09.2024
- No Comments
- Жаңалықтар
27 қыркүйекте Қостанай политехникалық жоғары колледжінде әр топта «Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлық, буллинг/кибербуллинг және зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында ата-аналар жиналыстары өтті.
Жиналыстың мақсаты – ата-аналарды жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлық, буллинг/кибербуллинг, құмар ойындарға тәуелділік және кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық мәселесімен таныстыру, ата-аналардың балалар мен ересектер арасындағы қарым-қатынастар мәселелеріне назар аудару, ата-аналарға алдын алу шараларын көрсету.
Міндеттері:
– аутодеструктивті мінез-құлық, буллинг/кибербуллинг, құмар ойындарға тәуелділік және кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық мәселелеріне қатысты теориялық және практикалық материалдарды зерттеу, жинақтау, жүйелеу;
– ата-аналарға өз баласымен қарым-қатынасын ой елегінен өткізіп, бағалауға мүмкіндік беру;
– ата-аналарға балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастың түрлі тәсілдерін қалыптастыру;
– ата-аналарға нағыз ата-аналық беделді түсіндіру және оны балалармен қарым-қатынаста көрсету қажеттілігін түсіндіруге көмектесу.
Жиналыс барысында топ жетекшілері төрт бағыт бойынша мәселелерді қарастырды:
- Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу.
- Буллинг/кибербуллингтің алдын алу.
- Құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу.
- Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу.
Іс-шараның соңында топ жетекшілері ата-аналарға өмір қауіпсіздігі негіздері туралы ескертпелер таратты. Ата-аналарға аутодеструктивті мінез-құлық, құмар ойындарға тәуелділік, буллинг/кибербуллинг, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, колледждің психолог-мұғалімі Науменко Татьяна Викторовна мен Утебекова Сабина Ғабитқызының байланыс нөмірлері: 87142560881, Петренко Елена Александровна жетекшілік ететін Психологиялық қолдау орталығының байланыс нөмірі: 87142511849, Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Басенова Несібелі Зариванқызының байланыс нөмірі: 87017783535 және тәулік бойы жұмыс істейтін, тегін мемлекеттік «111» байланыс орталығының нөмірі көрсетілді.
Ата-аналар «Қиындық туындаса – жай ғана қоңырау шалыңыз» акциясы аясында ақпараттық буклеттер мен визиткалар алды.
Дюсекеева Л.К., оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары
#Біртұтас_тәрбие