Алтайдан Оралға дейін: Политехникалық колледж студенттері жұмысшы мамандықтар жылына арналған велошеруге қатысушыларды қарсы алды

4 маусым күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінің студенттері ерекше патриоттық шараға қатысып, «Алтайдан Оралға дейін» атты велошеру қатысушыларын қарсы алды. Бұл велошеру Жұмысшы мамандықтар жылына орай ұйымдастырылған болатын. Қатысушыларды қарсы алу рәсімі Қостанай облысы әкімдігі ғимаратының алдында өтті.

Велошеру барысында қатысушылар Қазақстанның әр аймағын аралап, мыңдаған шақырым жолды еңсеруде. Шараның басты мақсаты — жұмысшы мамандықтарын дәріптеу, еңбекке құрмет көрсету, салауатты өмір салтын насихаттау және жастар арасында патриоттық рухты көтеру.

Колледж студенттері велошабандоздарды жылы жүзбен қарсы алып, қошемет сөздерін арнады. Бұл кездесуден жастар үлкен әсер алып, еңбек адамының қадірін тереңірек түсінді. Шара олардың бойында өз кәсібіне деген мақтаныш сезімін арттырды.

Қостанай жоғары политехникалық колледжі жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мен еңбекке баулу бағытындағы іс-шараларға үнемі қолдау білдіріп келеді. Студенттердің осындай қоғамдық шараларға белсенді қатысуы – олардың патриоттық тәрбиесі мен еңбек мәдениетін қалыптастырудағы маңызды қадам.

Мускина Ж. Ж., педагог-ұйымдастырушы

  #Біртұтас_тәрбие


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

176 queries