- admin
- 26.09.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын дамыту болашақ демографиялық көрсеткіштердің маңызды ресурсы және ұлттық денсаулық кепілі болып табылады. Репродуктивті денсаулықты дамытудың негізгі көрсеткіші ұрпақты болу денсаулығы, оның физикалық, соматикалық және психикалық денсаулықпен байланысы, қауіп факторлары және бұзылулардың алдын алу, сондай-ақ жыныстық мінез-құлық пен қарым-қатынас туралы хабардар болу болып табылады.
«Адал азамат» білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін Қостанай политехникалық жоғары колледжінде 1-4 курс студенттеріне «Адамның репродуктивті денсаулығы» тақырыбында тәлімгерлік сессиясы өтті. Сессияның мақсаты: Репродуктивті денсаулық пен құқықтар туралы тұжырымдаманы әзірлеу және білімдерін арттыру, физикалық белсенділік, салауатты қарым-қатынас орнату, оқуға, зерттеуге және жаңа жетістіктерге жетуге ұмтылу.
Тәлімгерлік сабағында студенттер мыналарды анықтады:
Репродуктивті денсаулық дегеніміз не?
Репродуктивті денсаулыққа не әсер етеді?
Сондай-ақ олар «Құқық» және «міндет» сөздерінің мағынасын қалай түсінесіз?» тақырыбында пікірталас өткізді. Репродуктивті құқықтарға не кіреді? Топпен жұмыс жасай отырып, берілген жағдаяттарды талдады.
Тәлімгерлік сағаттың соңында студенттер әр адамның репродуктивті денсаулығына көптеген факторлар әсер ететінін, олар білуі керек факторларды және репродуктивті денсаулық серіктестердің толық физикалық, психикалық және әлеуметтік салауаттылық жағдайы, олардың дені сау баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеуге мүмкіндік беретіндігі туралы қорытынды жасады.


