- admin
- 24.12.2024
- No Comments
- Жаңалықтар
Мамандық таңдау-бұл жоғары сынып оқушыларының алдында тұрған өзекті мәселе, ал қазір ол біздің қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты ерекше өзекті болып отыр. Көптеген жаңа мамандықтар туралы мектеп оқушылары аз ақпаратқа ие, ал дәстүрлі мамандықтар айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды.
2024 жылғы 24 желтоқсанда Қостанай политехникалық жоғары колледжінің оқытушылары А.К. Сейткалиева және Т. К. Жумагулова Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Оқытушылар мамандықтар, құжаттарды қабылдау ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, колледж туралы имидждік бейнероликтер мен презентациялар көрсетті, ақпараттық парақшалар таратты.
Мектеп түлектері қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды: оқу ақысы, спорт секцияларымен қамту, жұмысқа орналасу және басқа да сұрақтар.
Мақаланы дайындаған: жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы: Жумагулова Т. К.