Академиялық адалдық пен парасаттылық сабағы.
- admin
- 03.09.2024
- No Comments
- Жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қолдау мақсатында 1 қыркүйекте 1-4 курстар арасында Қостанай жоғары политехникалық колледжінде «Академиялық адалдық және парасаттылық» атты тақырыптық сабақ өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – болашақ ұрпақты адалдыққа тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлықтың зардаптарын түсіндіру.
Сыбайлас жемқорлық – бұл үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі көзқарасты, кешенді және жедел қарсылықты қажет ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы.
Ақпаратты дайындаған «Sanaly urpaq» клубының жетекшісі: Шектыбаева Л.Ф.



#Біртұтас_тәрбие