35 жыл егемендікке: Тәуелсіз Қазақстанның жолы16.10.2025

Тәрбиелік жұмыс жоспары аясында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылдануының 35 жылдық мерейтойына орай ПО-11 тобы арасында «35 жыл егемендікке: Тәуелсіз Қазақстанның жолы» атты тақырыптық дәріс өткізілді. Іс-шараға 25 студент қатысты.

Дәрістің мақсаты — жастардың азаматтық жауапкершілігін, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және Қазақстан тәуелсіздігінің бастауы болған Декларацияның тарихи маңызын терең түсіндіру.

Дәріс барысында студенттер 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның негізгі қағидаларымен танысып, оның ел тәуелсіздігін нығайтудағы, экономиканы, мәдениетті және қоғамды дамытудағы рөліне тоқталды.

Сонымен қатар қазіргі Қазақстанның қалыптасу кезеңдері, саясат, білім, ғылым және халықаралық ынтымақтастық салаларындағы жетістіктер жан-жақты талқыланды.

Студенттер белсенді түрде пікір алмасып, тәуелсіздіктің мәні мен ұлттық құндылықтарды сақтау және ел дамуына жастардың қосар үлесі туралы ойларымен бөлісті.

Іс-шара тарихқа деген құрмет пен Отанға деген мақтаныш рухында өтіп, қатысушыларға тәуелсіздіктің қадірін ұғынудың маңызын тағы бір еске салды.

Ақпаратты дайындаған тарих пәнінің оқытушысы: Вдовиков А.А.
#адал_азамат


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

175 queries