Мемлекеттік тіл- ұлт тірегі! 

2024 жылғы 5 қыркүйекте  Қостанай жоғары политехникалық колледжінде Тілдер мерекесіне орай «Мемлекеттік тіл- ұлт тірегі!» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру болды. Іс-шараға «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ-нің Ономастикалық жұмыс бөлімінің бас маманы Садуақасова Айжан Жусанқызы қатысты және Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында облысымызда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Колледж оқытушылары Бейсенова Хамар Баязитқызы және Ахметжанова Динара Қосылбекқызы «Мемлекеттік тіліміздің  мәртебесін қалай көтеруге болады?» және «Колледжде мемлекеттік тілдің қолданылуы: нәтижелер мен проблемалар» деген сұрақтар төңірегінде өз ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстелге қатысушылар мемлекеттік тілді білу — өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі екендігін және  тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өз азаматтық міндетін атқаруға тиіс екендігін атап өтті. 

Колледж әдіскері Казиева Ү.Ж.

#Біртұтас_тәрбие


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
172 queries