15 мамыр-Халықаралық Отбасы күні

2023 жылғы 10 мамырда ЭС-22 тобында 07130200  Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша) мамандығы бойынша «15 мамыр –Халықаралық Отбасы күні» тақырыбында кураторлық сағат өтті.

Мақсаты: білім алушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, ата-аналарға құрметпен қарау, ел тарихына және өз отбасына, отбасылық дәстүрлерге қызығушылықты дамыту.

Кураторлық сағат барысында студенттер әлемде Отбасы күні жыл сайын 15 мамырда аталып өтілетіндігімен танысты. Бұл мереке 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен жарияланды. Студенттерге отбасы өмірдегі басты тірек, адамгершілік, сүйіспеншілік, сыйластық көзі, қоғамдағы тыныштық пен үйлесімділіктің кепілі екенін түсіндірді. Отбасында адам сүйіспеншілікті, жауапкершілікті, қамқорлық пен сыйластықты үйренеді. Отбасы бақытты, мейірімді болуы үшін әр адамның жүрегінде мейірімділік, төзімділік, ризашылық болуы керек. Студенттер мұқият тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өздерінің отбасылық дәстүрлері, балалары, ата-аналары туралы белсенді әңгімеледі.

Ақпаратты топ жетекшісі дайындады: Курьерова М. П.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
172 queries