04110100 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытындылары

2026 жылғы 21 сәуірде «Есеп және аудит» бағыты бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары арасында республикалық олимпиада өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен 36 педагог қатысты.

Олимпиаданы ұйымдастырушылар:

  1. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ;
  2. «Қостанай политехникалық жоғары колледжі» КМҚК;
  3. «Алматы мемлекеттік бизнес колледжі» КМҚК жанындағы «Бизнес және басқару» бейіні бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестік.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқытушылардың кәсіби деңгейін арттыру, тиімді педагогикалық тәжірибелерді тарату, кәсіби қауымдастықты дамыту және қатысушылар арасында тәжірибе алмасу болды.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды:
ü А модулі — «Есеп және аудит» пәні бойынша теориялық тестілеу (30 баллға дейін);
ü B модулі — 1С:Бухгалтерия бағдарламасы бойынша тапсырмаларды орындау (70 баллға дейін).

Ең жоғары нәтиже – 100 балл. Олимпиадаға педагогикалық өтілі кемінде екі жыл болатын ТжКБ ұйымдарының оқытушылары қатысты.

Барлық кезеңдер онлайн форматта бейнебақылаумен өтті, бұл бағалаудың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етті.

Тапсырмаларды орындау қорытындысы бойынша қатысушылар рейтингі жасалып, соның негізінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Олимпиада жеңімпаздары:

Гран-при:
Фролова Наталья Николаевна — «Рудный политехникалық колледжі» КМҚК

І орын:
Туркпеналина Акмарал Абайқызы — «Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі»

ІІ орын:
Джолдаспаева Саулет Джунсалиевна — «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ Инновациялық технологиялар колледжі
Кенжигалиева Гүлім Аманғалиевна — БҚОӘББ «Жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК
Кудайбергенова Ризагүл Ерғалиевна — Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің жоғары колледжі
Молдашева Мәдениет Амановна — «Орал ақпараттық технологиялар колледжі» МКҚК

ІІІ орын:
Авдейчик Лариса Васильевна — «Риддер колледжі» КМҚК
Жайлыбай Гүлгүл Базарбаевна — Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжі
Мубарова Жанна Мауленовна — КММ «Арнаулы кәсіптік колледжі», Түркістан облысы, Кентау қаласы
Муратова Диана Даутовна — «Қостанай гуманитарлық колледжі» мекемесі
Хурмет Жигер — Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ КЕАҚ жоғары колледжі

Олимпиада экономикалық пәндер оқытушыларының кәсіби ортасында маңызды оқиға болды. Ол қатысушыларға жоғары кәсіби құзыреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік беріп қана қоймай, кәсіби өзара әрекеттестікті дамытуға және бухгалтерлік есеп пәндерін оқыту сапасын арттыруға ықпал етті.

Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс білдіреді және алдағы уақытта кәсіби жетістіктер тілейді!

Контробаева Жаннат Дүсембиевна «Қостанай политехникалық жоғары колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *