- admin
- 25.11.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
2026 жылғы 25 қарашада Қостанай политехникалық жоғары колледжінде бірінші курс білім алушыларына арналған профилактикалық дәріс-әңгіме өткізілді. Іс-шараға 78 студент қатысты.
Кездесуді Қостанай қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері өткізді: Қостанай қаласы ПБ Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Иралин А.А., Қостанай қаласы ПБ Қоғамдық тәртіпті сақтау бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесі бастығының орынбасары, полиция капитаны Сәмкен Н.Д., Қоғамдық тәртіпті сақтау бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Тулеу И.Т. және Қоғамдық тәртіпті сақтау бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Аксенкина Я.В.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі, буллинг пен кибербуллингтің, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, интернет-алаяқтық пен дропперліктің алдын алу мәселелері қарастырылды.
Полиция қызметкерлері құқыққа қайшы әрекеттердің заңдық салдарына, интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық ережелеріне және алаяқтық схемаларынан қорғану жолдарына ерекше назар аударды. Студенттерге банк карталарын, жеке деректерін және банк қосымшаларына қол жеткізу мәліметтерін бөгде адамдарға беруге, сондай-ақ оңай табыс табу туралы күмәнді ұсыныстарға келісуге болмайтыны түсіндірілді.
Кездесу барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқық қорғау органдары өкілдерінен қажетті түсіндірмелер алды.
Осындай профилактикалық іс-шараларды өткізу білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқықтық жауапкершілігін арттыруға және қауіпсіз білім беру ортасын құруға ықпал етеді.




