Ата-аналар жиналыстарында адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды
- admin
- 24.11.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
20 қарашада Қостанай политехникалық жоғары колледжінде өткен ата-аналар жиналыстарында адам саудасы мен еңбек қанауының алдын алу мәселелері талқыланды.
Ата-аналарға қауіпті жұмыс ұсыныстарының белгілері түсіндірілді: еңбек шарттары нақты көрсетілмей жоғары жалақы уәде етілуі, жеке құжаттарды беруді сұрау және жұмыс орны туралы ешкімге айтпауды талап ету. Жасөспірімге жұмыс беруші туралы ақпаратты тексеруге қалай көмектесу және қорқыту немесе мәжбүрлеу жағдайында қайда жүгіну керектігіне ерекше назар аударылды.
Ата-аналарға балаларымен сенімді қарым-қатынас орнатудың маңызы еске салынды. Егер жасөспірім күмәнді ұсыныс немесе өзін қауіпсіз сезінбейтін жағдай туралы айтса, оны мұқият тыңдап, көмек сұрауына жәрдемдесу маңызды.



