- admin
- 09.11.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
9 қарашада ҚӨКК актов залында бірінші курс студенттері үшін «Діни сауаттылықты арттыру, этносаралық және ұлтаралық келісімді нығайту» тақырыбында дәріс өтті. Шараға 250 бірінші курс студенті қатысты.
Дәріс Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының қолдауымен «Қостанай қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі» ММ «Социум & Я» ҚБ-мен бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Діни сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ этносаралық және ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шараларды өткізу» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Өткізілген іс-шараның басты мақсаты — мемлекеттің зайырлылық негіздерін нығайту, сондай-ақ жастар арасында конфессияаралық және этносаралық келісімді дамыту.
Кездесу барысында сарапшылар студенттерге Қазақстан Республикасының зайырлылық сипатының негізгі аспектілерін түсіндіріп, әртүрлі мәдениеттер мен этностар өкілдері арасындағы өзара құрметтің маңыздылығын айтты, сондай-ақ діни экстремизмнің алдын алу мәселелерін қозғады. Бірінші курс студенттері өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алып, бірлік пен достығы жарасқан студенттер қауымдастығын қалыптастыруда мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.
Дүйсекеева Л. К., директордың ТЖ жөніндегі орынбасары
#адал_азамат



