ҚӨКК студенттері «Суды үнемде — болашақты сақта!» республикалық экологиялық сағатына қосылды

2026 жылдың 9 қарашасында колледжіміздің 1 және 2-курс студенттері «Су ізі — әркімнің жауапты таңдауы» тақырыбында өткен «Суды үнемде — болашақты сақта!» бірыңғай республикалық экологиялық сағатына қатысты. Іс-шара YouTube-арнада тікелей көрсетіліммен онлайн-форматта өтті. Тәрбие сағаты аясында білім алушылар алдында құрметті қонақтар: Швейцарияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кристин Хонеггер мен ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Салимов сөз сөйледі. Студенттер су ресурстарын тиімді пайдалану туралы сарапшылардың баяндамаларын тыңдап, жеке «су ізінің» маңыздылығын бағалады, сондай-ақ интерактивті ойын мен ашық диалогқа белсенді қатысты. Мұндай бастамаларды өткізу жастардың экологиялық сауаттылығын арттыруға және Қазақстанның табиғи байлығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.

Дүйсекеева Л. К., директордың ТЖ жөніндегі орынбасары #адал_азамат

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *