- admin
- 06.11.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
Коледжде 1–2 курс студенттеріне «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту аясында Полиция департаменті жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып әзірлеген «Заң мен тәртіп біздің ішімізде» әлеуметтік шағын фильмі көрсетілді.Ұзақтығы 3,5 минут болатын фильм отбасындағы өзара сыйластық пен ережелерді сақтаудың көшедегі қауіпсіздікпен байланысын көрсетеді. Онда вандализмнің, бұзақылықтың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері қозғалған.Көрсетілімнен кейін студенттер тәртіптің әр адамның жеке таңдауынан басталатынын және әрбір әрекеттің айналадағы адамдарға әсер ететінін талқылады. Іс-шара құқықтық мәдениетті арттыруға, өз қауіпсіздігіне және өзгелердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға бағытталды.
Ақпаратты дайындаған: педагог-психолог Касымова У.А.
#адал_азамат




