- admin
- 13.10.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
2026 жылғы 13 қазанда «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» әлеуметтік маңызды жобасын жүзеге асыру аясында «Медиақауіпсіздік әлемінде. Буллинг және кибербуллинг: Жасөспірімдерді интернетте қандай қауіптер күтіп тұр» тақырыбында құқықтық сағат өтті. Іс-шараның басты мақсаты — жастардың цифрлық және құқықтық сауаттылығын арттыру, желідегі қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады. Кездесуге 1 Э-17, 2 Э-16 және 2 СИБ-1 оқу топтарының студенттері қатысты. Шақырылған лектор әрі сарапшы ретінде құқық қорғау органдарының өкілі — Қостанай қ. ПБ ҚҚОБ ЖПҚБ УПИ полиция лейтенанты Назаров Темирлан Асланович сөз сөйледі. Дәріс барысында спикер студенттерге цифрлық кеңістік шынайы өмір сияқты жауапкершілікті талап ететініне баса назар аудара отырып, буллинг пен кибербуллингтің сипаты мен көрініс табу ерекшеліктерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Полиция лейтенанты желіде қорлау, табалау, жеке деректер мен фотоматериалдарды тарату үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік мәселелерін қозғап, интернеттегі анонимдік жалған екенін еске салды. Киберагрессиямен кездескен жағдайдағы іс-қимыл алгоритмдеріне ерекше назар аударылды: қатысушыларға өзінің желідегі жеке деректерін қалай қорғау керектігі, көмек алу үшін қайда жүгіну қажеттігі және құқық бұзушылық фактілерін қалай дұрыс тіркеу керектігі түсіндірілді. Студентер жоғары белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды және шынайы өмірлік жағдайларды талқылауға қатысты. «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» жобасы аясында мұндай құқықтық сағаттарды өткізу студенттердің заманауи цифрлық ресурстарды қауіпсіз әрі сауатты пайдалануға деген жауапты көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.
Дюсекеева Л.К., ТЖ жөніндегі директордың орынбасары
#адал_азамат


