- admin
- 13.10.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
Қостанай политехникалық жоғары колледжінде «Тұқымды тастама — табиғатқа мүмкіндік бер» ұранымен ауқымды экологиялық акция өтті. Шара жалпыұлттық «Таза Қазақстан» бастамасының аясында ұйымдастырылып, оған колледж студенттері үлкен қызығушылықпен қатысты.
Бұл ауқымды жұмыстың басты мақсаты — студенттердің қоршаған ортаға ұқыпты қараудың практикалық дағдыларын қалыптастыру, жастардың экологиялық жауапкершілік деңгейін арттыру, сондай-ақ ресурстарды тиімді пайдалану қағидаттары қалаларымызды көгалдандыруға қалай көмектесетінін іс жүзінде көрсету.
Студенттер табиғатқа қамқорлық жасау үшін күрделі технологиялардың қажеті жоқ екенін — күнделікті әдеттерді өзгерту жеткілікті екенін дәлелдегісі келді. Олар әдетте қоқысқа тасталатын жеміс-жидек дақылдарының тұқымдарын жинауды ұйымдастырды. Студенттер тұқымдарды сұрыптау ережелерін өздігінен үйреніп, оларды дұрыс сақтау үшін материалдар дайындады.
Келесі кезеңде білім алушылар жиналған тұқымдарды өсіріп, жас өсімдіктерді күтіп-баптаумен айналысады. Болашақта бұл көшеттер туған өлкені көгалдандыруға септігін тигізіп, көшелер мен оқу орындарының аумағын безендіреді. Қатысушылардың өздері бұл акция үйреншікті заттарға мүлдем басқаша қарауға және ресурстарды саналы төрде тұтынудың маңыздылығын түсінуге көмектескенін атап өтті.
Мақаланы А.Т. Хусаинова дайындаған.








