- admin
- 02.10.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
2026 жылғы 30 қыркүйекте Қостанай политехникалық жоғары колледжінде отбасылық құндылықтар мен қолдау әрбір студенттің жауапкершілігі мен табысты болашағының негізін қалайды деген идеяны біріктірген «Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы» тақырыбында колледжішілік ата-аналар жиналысы өтті. Іс-шараға 1–4 курс студенттерінің заңды өкілдері, колледж әкімшілігі, кураторлар және шақырылған сарапшылар қатысты.
Негізгі баяндамамен директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Қ. Дүйсекеева сөз сөйледі. Ол өткен оқу жылындағы жұмыс қорытындысын шығарып, «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасы шеңберінде білім алушылардың қауіпсіздігі мен психологиялық амандығын қамтамасыз ету бойынша басым міндеттерді белгіледі. Сонымен қатар, ата-аналардың назарын кибербуллингтің, дропперліктің алдын алуға және әлеуметтік желілер арқылы жасөспірімдердің деструктивті әрекеттерге тартылуын болдырмауға аударып, цифрлық ортадағы қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі баяндады.
Жастардың психологиялық денсаулығына ерекше назар аударылды. Колледждің педагог-психологтері Т.В. Науменко мен Ү.Ә. Қасымова жасөспірімдер арасындағы үрейленушілік пен суицидтік мінез-құлықтың алдын алудағы басты тірек ретіндегі отбасының рөлі тақырыбын ашып көрсетті. Ата-аналарға психобелсенді заттарды тұтынуды және лудоманияны қоса алғанда, тәуелділіктің заманауи түрлерінің белгілерін ерте анықтау туралы Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығының психологі Е.М. Искакова айтып берді.
Құқықтық сауаттылық пен қауіпсіздік мәселелерін әлеуметтік педагог Е.А. Муслимова жалғастырды. Ол кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауаптылығының аспектілерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстардың, буллингтің, алаяқтықтың барлық түрлерінің және денсаулыққа зиян келтірудің алдын алу тақырыптарын қозғады.
Кездесу соңында ашық диалог форматында колледж әкімшілігінің өкілдері ата-аналарды толғандырған барлық сұрақтарға жауап беріп, тек отбасы мен оқу орнының үйлесімді өзара әрекеттесуі gana студенттердің дамуы үшін қауіпсіз әрі қолдаушы орта құруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Дүйсекеева Л.Қ., директордың ОТІЖ орынбасары



