- admin
- 22.09.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
21 қыркүйекте Қостанай политехникалық жоғары колледжінің 100 студенті «Кеше шулы болды» драмалық ескерту-спектаклінің көрсетіліміне барды (пьеса авторы және қоюшы-режиссері — Анна Удесиани). Көрсетілім Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасы мен Полиция департаментінің бірлескен профилактикалық жобасы аясында қазан айында өтетін жаңа театр маусымының ашылуы қарсаңында ұйымдастырылды. Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алуға арналған бұл спектакль буллинг, манипуляция, құрдастардың қысымы және жеке шекараларды қорғау сияқты өзекті тақырыптарды қозғайды. Қойылым студенттер үшін маңызды мәселелер туралы — өз таңдауын жасай білу, қауіпті белгілерді уақытында тану, өзгелердің теріс ықпалына қарсы тұру, бейжай қалмау және қажет болған жағдайда көмекке жүгіну жайлы ашық сұхбатқа айналды.
Дүйсекеева Л. К., ТӘЖ жөніндегі директордың орынбасары
#адал_азамат



