- admin
- 18.09.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
18 қыркүйекте Қостанай политехникалық жоғары колледжі қабырғасында «Достық заңы барлық заңнан жоғары» тақырыбында қоғамдық-ағартушылық мотивациялық кездесу өтті. Этносаралық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен жастардың құқықтық мәдениетін нығайтуға бағытталған бұл шара «Қоғамдық келісім» КММ өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды. Диалог алаңы бірінші және екінші курс білім алушыларының басын қосты: залда 1ЭС-26, 1Э-17, 1ПО-13, 1ПО-14, 1СИБ-3, 1СИБ-4, 1Б-10, 1Б-11, 1БВВ-3, 1ХП-28, 1СТ-10, 1М-17 бірінші курс топтарының, сондай-ақ 2ПО-10, 2СИБ-1, 2ТЗ-31 екінші курс топтарының студенттері қатысты.
Аудитория алдында спикерлер сөз сөйледі: қоғам қайраткері, кәсіби медиатор және Қостанай облысы «Ел жастары» РҚБ өкілі Руслан Жүсіпбекұлы Мұрзағалиев, «Ел жастары» РҚБ өкілі Аман Таңатұлы Смаил, «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшысы Дарья Сергеевна Щербакова және «Қоғамдық келісім» КММ талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Жадыра Өмірбекқызы Жұмасұлтанова.
Ашық сұхбат барысында қонақтар мен студенттер қазіргі қоғамдағы этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастардың басты аспектілерін егжей-тегжейлі талқылады. Спикерлер барлық этнос өкілдері арасындағы бейбітшілік, төзімділік пен өзара құрмет егемен Қазақстанның басты құндылықтары болып табылатынын атап өтті. Пікірталаста елдің қолданыстағы заңнамасын сақтау және азаматтық жауапкершілік мәселелеріне ерекше орын берілді. Кездесуде Қазақстан Республикасы Ҡылмыстық кодексінің әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, сословиелік немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін жауапкершілікті көздейтін 174-бабының нормасына құқықтық екпін жасалды. Сарапшылар студенттерге көпшілік алдындағы провокацияларға, деструктивті материалдарды таратуға және төзімсіздік танытуға, соның ішінде цифрлық кеңістік пен әлеуметтік желілерде жол бермеу керектігін түсіндірді. Кездесу өзара сенім атмосферасында өтті, бұл жастарға заңдарды саналы түрде сақтау мен басқа халықтардың мәдениетіне құрметпен қарау маңызды екенін терең ұғынуға мүмкіндік берді.
Л. К. Дюсекеева, ТБР жөніндегі директордың орынбасары #адал_азамат



