- admin
- 11.09.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
2026 жылғы 11 қыркүйекте Қостанай политехникалық жоғары колледжінде «Қыз бала — отбасының шырайы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — қыз балалардың отбасылық құндылықтар туралы түсініктерін қалыптастыру, ұлттық дәстүрлерге, әдептілікке және жауапкершілікке тәрбиелеу, сондай-ақ олардың отбасындағы және қоғамдағы өз рөлін түсінуіне ықпал ету.Іс-шараға 1Б-10 және 1СИБ-3 топтарының студент қыздары қатысты.Іс-шара барысында қатысушылар қыз баланың отбасындағы және қоғамдағы рөлі туралы ақпарат алып, «Қыз бала» ұғымына қатысты өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар өзара сыйластық, мейірімділік, қолдау және отбасылық қарым-қатынастардың маңыздылығын талқылады.Қатысушылардың ерекше қызығушылығын «Жүрек жылуы» жаттығуы тудырды. Жаттығу барысында қыздар өздерінің жақындары мен отбасы мүшелеріне жылы сөздер жазды..Іс-шара соңында «Менің отбасым — менің бақытым» атты рефлексия жүргізілді. Қыздар өз әсерлерімен бөлісіп, отбасының өмірлеріндегі маңызы туралы айтып, іс-шара барысында алған әсерлері мен сезімдерін жеткізді
Ақпарат дайындаған: педагог-психолог Касымова У.А.
#адал_азамат







