Тіл — татулық пен бірліктің негізі

Қостанай политехникалық жоғары колледжінде Қазақстан халқының тілдері күніне орай мазмұнды әрі көңілді іс-шара ұйымдастырылды. Биылғы кездесудің басты идеясы «Оқы. Ойлан. Сөйле. Жарат» ұранымен үндесіп, жастардың тілге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

Колледж аумағындағы LED-экраннан Ахмет Байтұрсынұлының «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген тағылымды сөзі көрсетілді. Бұл ой тілдің ұлт өміріндегі маңызын тағы бір мәрте еске салды. Айта кетейік, 5 қыркүйек — қазақтың көрнекті ағартушысы, ғалым және ұлттық жазудың реформаторы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Іс-шара барысында студенттер ашық микрофонға қатысып, тіл мен білімге қатысты мақал-мәтелдерді әртүрлі тілдерде айтып, өз пікірлерін ортаға салды. Ал би қойылымдары мерекелік көңіл күйді көтеріп, достық пен өзара құрметтің ерекше атмосферасын қалыптастырды.

Осындай бастамалар еліміздегі тілдік әралуандылықты құрметтеуге және жастар арасында бірлік құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.

Тіл — ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын рухани мұра!

#ҚПЖК #ТілдерКүні #АхметБайтұрсынұлы #Қостанай #ҚПЖКСтуденттері #Бірлік

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *