«Тіл – халықтың рухани мұрасы» атты кітап көрмесі

Колледж кітапханасында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тіл – халықтың рухани мұрасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты – студенттердің тілдердің байлығы мен алуан түрлілігіне назарын аудару, ана тіліне, әдебиетке және ұлттық мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыру.

Көрмеге қазақ халқының тарихын, ұлттық болмысын және рухани құндылықтарын танытатын кітаптар, энциклопедиялар, сөздіктер мен көркем әдеби шығармалар қойылды.

Студенттер көрмеге қойылған әдебиеттермен қызығушылықпен танысып, тілдің ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді сақтаудағы маңызды рөлін атап өтті.

Өткізілген кітап көрмесі тіл – ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, халықтың тарихын сақтайтын баға жетпес рухани мұра екенін тағы бір мәрте көрсетті.

#АдалАзамат

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *