- admin
- 19.06.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
2026 жылғы 17 маусымда Қостанай политехникалық жоғары колледжінде «Студенттік ортадағы буллингтің нақты жағдайларын талқылау және оларды шешу жолдарын іздеу» тақырыбында пікірталас өтті.
Іс-шараны әлеуметтік педагог Муслимова Е.А. өткізді. Пікірталасқа 1А-4, 1СИБ-1, 1ЭС-25, 1ПО-10, 1Э-16, 1Б-8, 2ХП-26, 2ЭС-24, 2Э-15, 2ПО-8, 2М-14, 2Б-6, 3ПО-5 топтарының студенттері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны – 23 студент.
Кездесу барысында жастар арасындағы буллингтің нақты жағдайлары, жанжалдардың туындау себептері және олардың студенттердің психологиялық жағдайына әсері талқыланды. Студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды, түрлі жағдайларды талдап, буллингтің алдын алу жолдары бойынша ұсыныстарын білдірді.
Сонымен қатар, өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынасты қалыптастыруға, тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға және қиын жағдайларда педагогтар мен мамандардан дер кезінде көмек сұраудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Өткізілген пікірталас студенттердің буллинг мәселесі туралы хабардарлығын арттырып, өзара құрмет пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Қатысушылар қауіпсіз, қолайлы және зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктен ада білім беру ортасын құру тек бірлескен әрекет арқылы мүмкін деген қорытындыға келді.




