- admin
- 04.06.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
2026 жылғы 04 маусымда КПВК-ның акт залында нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес халықаралық күніне арналған дәріс өткізілді. Іс-шараны СӨС медбикесі Абилькасова Гульдана Нурмашевна және психолог Жангабулова Гульжан Болатовна ұйымдастырды.
Дәріске 1ЭС-25, 1Э-16, 1М-15, 1М-16, 1ПО-10, 1А-4, 1ПО-12, 1СИБ-1, 1СИБ-2 топтарының студенттері қатысты.
Дәріс барысында нашақорлық мәселесі адам денсаулығына және қоғамға төнетін елеулі қауіп ретінде қарастырылды. Жастардың есірткі қолдануға тартылу себептеріне, сондай-ақ оның адамның физикалық және психикалық жағдайына тигізетін салдарына ерекше назар аударылды.
Қатысушыларға нашақорлықтың тұрақты тәуелділікке әкелетіні, денсаулықты бұзатыны, өмір сапасын төмендететіні және әлеуметтік оқшаулануға алып келетіні түсіндірілді. Сонымен қатар, есірткінің адам ағзасына тигізетін зиянына мысалдар келтіріліп, ішкі ағзалардың зақымдануы мен психикалық бұзылыстардың дамуы атап өтілді.
Есірткі заттарының заңсыз айналымы, оның қоғам үшін қауіптілігі және заңмен қарастырылған жауапкершілік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Салауатты өмір салтын таңдау және қоршаған ортаның теріс әсеріне қарсы тұра білу қажеттілігі атап өтілді.
Студенттер тақырыпқа қызығушылық танытып, белсенді қатысып, сұрақтар қойды. Өткізілген дәріс білім алушылардың ақпараттану деңгейін арттырып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.



